"Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал!" акциясын кәсіпкерлердің салық төлеуіне ықпал етті

1145

"Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал!" акциясын кәсіпкерлердің салық төлеуіне ықпал етті

Қазақстанда жүргізілген ауқымды акциялардың арқасында 10 мыңнан аса жасырын жұмыс істеп келген жеке кәсіпкер салық төлей бастады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті бизнес-қоғамдастықпен "Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал!" акциясын өткізген болатын.

"Акция қорытындысында жасырын жұмыс істеп келген 10,4 мыңнан астам жеке кәсіпкер салық есебіне алынып, 9,4 мыңнан аса бақылау-касса машинасы тіркелді. 2016 жылдың 23 желтоқсанында "Чек талап ет те, сыйлық ұтып ал!" акциясының бас жүлдесі "Шевроле" көлігі ойнатылып, ұтыс 596 теңгелік чегі бар Петропавл қаласының тұрғынына бұйырды", – делінген министрлік ақпаратында.

"Бұған қоса, халықтық бақылаудың түрлі формалары кеңінен енгізілуде. Арнайы "WIPON" мобильді қосымшасы әзірленді. Өзі азаматтар белсенді пайдалану арқылы көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға үлес қоса алды. Кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестікті ынталандырады", – деді бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "Салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру" тақырыбындағы Үкімет сағатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу