"Дакар" раллиінің жетінші кезеңінде Astana Motorsports 30-орында тұр

607

"Дакар" раллиінің жетінші кезеңінде Astana Motorsports 30-орында тұр

"Дакар" авторалли көпкүндігінің жетінші кезеңі артта қалды, деп хабарлайды 24Хабар.

Astana Motorsports командасы Боливияның құмды жолындағы бәсекеде жүлделі орынға жақындай алған жоқ. Жүк көліктері арасындағы сайыста Артур Ардавичус бастаған қазақстандық ұжым кезеңді 19-болып аяқтап, жалпы есепте 30-орынға жайғасты. Ал Денис Березовский тізгіндеген жеңіл көлік мәреге 31-болып жетті.

Жалпы есепте олар отыздықтың қатарында келеді. 800 шақырымға созылатын сегізінші кезең Боливиядан басталып, Аргентина құмдарында жалғасады.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу