"Disneyland" салуға 115 миллион доллар шамасында қаржы жұмсалады

735

"Disneyland" салуға  115 миллион доллар шамасында қаржы жұмсалады

Алматы облысында "Disneyland" салуға  $115 млн шамасында қаржы жұмсалады.  Бұл туралы өңірдің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан айтты, деп хабарлайды LS.

Бұл отбасылық ойын-сауық орталығының кешені 6  бөлімнен тұрады. Кешен пайдалануға берілген соң жыл бойы жұмыс істейтін болады. Заманауи парктегі жабық ғимараттар қай мезгілде болмасын демалуға мүмкіндік береді.

"Қазір жобалық-сметалық құжаты бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жобаның құрылысын 2019 жылы бастау жоспарланып отыр", - дейді басқармадан.

Жобаның  әзірлеушісі Happylon компаниясы болғандықтан, парк Happy Land деп аталмақ екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу