"Джейш аль-Ислам" жетекшілерінің бірі Астанаға сириялық оппозиция делегациясын бастап келді

839

"Джейш аль-Ислам" жетекшілерінің бірі Астанаға сириялық оппозиция делегациясын бастап келді

Астанадағы келіссөзге Сирияның қарулы делегациясын "Джейш аль-Ислам" тобы жетекшілерінің бірі Мұхаммед Аллюш бастап келді, деп хабарлайды Астанадағы келіссөзге жақын дереккөзге сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан".

"Мұхаммед Аллюш Астанаға келді. Ол оппозиция делегациясын басқарады", – деді дереккөз.

Дереккөздің айтуынша, сириялық оппозиция делегациясы Астанаға жексенбіге қараған түні келген.

23 қаңтарда Астанада Ресей мен Түркия ұйымдастыруымен сириялық реттеу жөнінде келіссөз басталады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу