"Эйр Астана" әуе компаниясының флоты тағы бір Airbus A321neo ұшағымен толықтырылды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Жаңа ұшақ 179 орынмен жабдықталған (28 бизнес-класс және 151 эконом-класс орындары). Сондай-ақ, бортта барлық орында жеке ойын-сауық жүйесі орнатылған.
Әуе кемесі Ресей, Грузия, Түркия, БАЭ, Қытай, Орталық Азия елдеріне және ішкі рейстерге қатынайтын болады.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу