"Экологиялық десант" акциясы ұйымдастырылды

2171

"Экологиялық десант" акциясы ұйымдастырылды

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Еуразиялық топтың (ERG) бастамасымен "Экологиялық десант" акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Акция бір мезетте еліміздің бірнеше аймақтарын қамтыды. Кеншілер, металлургтер, энергетиктер және өзге де мамандық иелері су тоғандарының жағажай аумақтарын тазалады. Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстары мен Астанада шабақтарды суға жіберді.

Елордалық белсенділер Вячеслав су қоймасына барып, жағажайын тұрмыстық қалдықтардан арылтты және тұқы мен басқа да балық түрлерінің 70 мың шабағын суға жіберді. Тізе бүгіп демалатын орындықтар мен қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға шақыратын ақпараттық тақтайшалар орнатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу