"Экспо-2017" халықаралық көрмесінің билеттері жергілікті жерде де сатылады

884

"Экспо-2017" халықаралық көрмесінің билеттері жергілікті жерде де сатылады

Еліміздің облыс орталықтарында "ЭКСПО" көрмесінің билеттерін сататын арнайы кассалар ашылады. Тикет-орындар Астана мен Алматы қалаларында былтырғы жылдың желтоқсан айынан бастап қызмет көрсетуде. Көрме билеттерін "ЭКСПО" компаниясының ресми сайтынан да онлайн тәртіпте сатып алуға болады.

"Арнайы кассалардан ЭКСПО-ның кез келген көрмесін тамашалауға арналған билеттер сатылады. Ниет танытқандарға оны өз аймақтарынан сатып алуға болады. Біздің компания билет құнының қолжетімді болуын қамтамасыз етеді",- деді "Астана Экспо-2017" ұлттық компаниясының департамент директоры  Дәулет Еркімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу