"Энерджи-Тараз" ЖШС 1 млрд теңгеге жуық өнім өндірді

1486

"Энерджи-Тараз" ЖШС 1 млрд теңгеге жуық өнім өндірді

"Энерджи-Тараз" ЖШС жылдық қуаттылығы артты. 2016 жылдың есебі бойынша компанияның өндірген өнім көлемі 1 млрд теңгеге жуықтаған.

2006 жылдан 2014 жылға дейін "Энерджи-Тараз" ЖШС Жамбыл облысында электр жұмысының 500-ге жуық жобасын жүзеге асырған. Сондай-ақ, 35кв-тан 110кв-қа дейін қуаттылық өндіретін 200 ден аса қосалқы станса құрылған.

"Биылда өнімге сұраныс жоғары болды. Өндірілген өнім көлемі 1 млрд теңгеге жуықтап отыр. Біз үшін бұл үлкен жетістік. Отандық тауарды өндіруде талмай еңбектене береміз" – дейді "Энерджи-Тараз" ЖШС директоры Мырзағазы Баратов.

Қазіргі таңда компания 3 бағытта жұмыс жасайды. Олар: жарық диодын өндіру, қосалқы стансасын құрастыру және электр монтаждау жұмыстары. 2011 жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық диоды шамдарын өндіру зауыты пайдалануға берілді. Өндірісте 50-ден астам қызметкер жұмыс істейді, оның 40%-ы мүмкіндігі шектеулі жандар.

"Жұмысшылардың басым бөлігі мүмкіндігі шектеулі жандар. Осыған қарамастан жұмыс қарқынды жүруде. Биыл тапсырыс көп болды. Соның 60%-ға жуығын арбаға таңылған қызметкерлеріміз абыроймен атқарып шықты", – дейді зауыттың бас инженері Диас Мүсірепбеков.

Зауытта жетекші өндірушілердің Оңтүстік Корея мен Түркияның құрал-жабдықтары орнатылған. Ал өндірілетін өнімге керекті материалдардың 30% шет елдікі, 70% отандық өнімдер. Зауыттың басты құралы SMD-монтаждық тізбегі арқылы жарық диоды модульдерін өндіру игерілген. Аталған монтаждық жүйе желілік экранға басып шығару, автоматты орнатушы компоненттер және автоматты балқыту жүйесі бар пештен тұрады. Қазіргі таңда жарық диоды модульінің барлық үлгісі шамдардың әр түріне арналып шығарылуда.

Зауыт қызметкерлері қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облысы, Алматы және Астана қалаларының тапсырыстарын орындауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу