"Ертіс" ФК Жерард Нустың қызметінен кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды

646

"Ертіс" ФК Жерард Нустың қызметінен кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды

"Ертіс" футбол клубы павлодарлық команданың бас бапкері Жерард Нустың қызметінен кеткені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Айта кетейік, sport.inform.kz сайты дүйсенбі күні таңертең павлодарлық клуб бапкерінің қызметінен кететіні туралы ақпарат таратқан болатын. Кейін жергілікті билік өкілдері испандық маманға тағы бір мүмкіндік бергені жайында екінші жаңалық пайда болды.

"Аймақ басшысы бапкерді жұмыстан босату жөніндегі клуб басшылығының өтінішіне келісім береді деп күткен едік. Алайда Нусқа тағы бір мүмкіндік берілген сыңайлы. Егер алматылық "Қайратпен" өтетін ойында "Ертіс" жеңіске жетсе, Нус қызметін жалғастырады. Жеңіліске ұшыраса, испандық бапкер қош айтысу керек болады", - деп жазды басылым.

"Ертістің" медиа-офицері Дархан Бекішевтің айтуынша, команда кеше Талдықорғаннан келген.

"Қазіргі уақытта команда Жерард Нустың бапкерлігімен толық құрамда дайындалуда", - дейді Дархан Бекішев. - 28-сәуір күні бізді ауыр ойын күтіп тұр. "Қайратқа" қарсы матч сағат 17:00-де басталады. Орталық алаңда жанкүйерлерді күтеміз".

"Ертіс" ФК жанкүйерлерге тек ресми ақпарат көздеріне сену керектігі жөнінде кеңес берді. Барлық жалған ақпараттар мен сыбыстар команданың ішкі дайындығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу