Өзге де ақпараттар. "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясы брокерлік "Асыл инвест" компаниясын сатып алады. Қазір қос мекеменің қосылуына байланысты келіссөздер аяқталған. Қаржы ұйымы толықтай жыл соңына дейін өзгеріп бітпек. "Фридом Финанс" басшылығы бұл ребрендинг әуелі клиенттер санын көбейтуге көп әсерін тигізеді дейді. Мәселен операторды ауыстыру жөніндегі техникалық процедуралар аяқталған соң тұтынушылар саны 50 мыңға дейін артады деп отыр. Біріктірілген компания брокерлік бөлшектік бизнесіндегі үздік мамандардың тәжірибесін жинақтайды. Сонымен қатар, аз уақыт ішінде заманауи әрі әлемдік тәжірибені нарыққа енгізбек екен. Осылайша бұл компания шет елдік әріптестерге бәсеке болуды көздеп отыр.
Тимур Тұрлов, "Фридом Финанс" ИК Бас директоры
Біз үшін бұл маңызды келісім болып отыр. Әрине Асыл Инвест үшін де. Сондай ақ клиенттер үшін де тиімді болатыны сөзссіз. Жұрт жалпақтап шет елдік компанияларға емес, енді өзімізге де назар аударады. Ал біз олар үшін барынша ыңғайлы жағдай жасаймыз.
Қазақстан қор биржасы мәліметіне сәйкес "Асыл инвесттің" жеке капиталы бар болғаны 835 миллион теңге. Ал олардың таза табысы 6,6 миллион теңгеге тең. Бұл бәсекеде "Фридом Финанс" әріптестерін басып озып тұр. Оларға тиесілі қаржы көлемі 7,6 миллиард теңге. Түкен пайда көлемі 1 миллиард 38 миллион теңгеге жуықтайды.