"Харви" дауылынан келген шығын 160 миллиард долларға жетуі мүмкін

1149

"Харви" дауылынан келген шығын 160 миллиард долларға жетуі мүмкін

АҚШ Техас штаты Харви дауылы Сэнди тропикалық циклоны табиғи апат "Харви" дауылы әкелген материалдық шығын 160 млрд АҚШ долларға жетуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

USA Today газетінің хабарлауынша, бұл –шамамен елдегі жалпы ішкі өнімінің 1%-ы.

Сарапшылар: "Әсіресе Техас штаты қатты зардап шегеді", – дейді. Табиғи апат салдарынан көптеген жергілікті компаниялардың кірісі азайып, бизнес пен еңбек нарығына келтіретін залал зор болмақ. Сонымен қатар Харвидің салдары ел билігінің айтуынша, 2005 жылғы Катрин мен 2012 жылы ойран салған Сэнди тропикалық циклонынан әлдеқайда ауқымды. Биылғы сұрапыл желден 30-дан аса адам ажал құшып, 13 мың тұрғын су тасқыны кезінде құтқарылған. Қазір үйсіз қалған 30 мың адам уақытша баспаналарда тұрып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу