"Ирма" дауылынан қаза тапқандардың саны 18-ге жетті

719

"Ирма" дауылынан қаза тапқандардың саны 18-ге жетті

Кариб теңізі аймағындағы бірнеше елді жайпап өткен "Ирма" алапат дауылынан қаза тапқандардың саны 18-ге жетті, деп хабарлайды 24.kz.

Дүлей жел Антигуа, Барбуда, Сент-Мартин, Сен-Бартелеми және тағы бірнеше аралды елді ойрандап кетті. Енді сағатына 250 шақырым жылдамдықпен соққан дауыл Багам аралдарына жетіп, Куба жағалауына таяп қалды.  Мамандар дүлей дауыл енді АҚШ-тың Флорида штатына соғады деп отыр. Төнген қауіпке байланысты Құрама Штаттардың бірнеше аймағында төтенше жағдай жарияланды. Бірқатар аудан тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру басталды. Жүздеген әуе рейсі кейінге шегерілді.

Жергілікті билік "Ирма" Техас штатында соққан "Харви" дауылынан да жойқын болады деп ескертті. Бірақ қазір мамандар дүлей желдің екпіні сәл бәсеңдеп, 5 балдық деңгейден 4-дәрежеге төмендегенін айтады. Дегенмен Флоридаға дауылдың салдарымен күресу үшін 7 мыңнан астам сарбаз келіп үлгерді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу