"Қайрат" атақты "АЗ Алкмаар"-дан айласын асырды

737

"Қайрат" Еуропа лигасындағы "жорығын" одан әрі жалғастыратын болды. 

"Қайрат" атақты "АЗ Алкмаар"-дан айласын асырды

УЕФА Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде алматылық клуб Голландияның үздік командасын ұтып, сенсация жасады, деп хабарлайды abctv.kz.  

"Қайрат" футбол клубы УЕФА Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті. Алматылық ұжым екі ойынның қорытындысы бойынша Голландияның атақты "АЗ Алкмаар" командасын жарыс жолынан шығарды. 

Алматыда өткен алғашқы ойында "Қайрат" ойыншылары қарсылас команданың қақпасына жауапсыз екі гол соққан еді. Ал кеше өткен қарымта матчта отандастарымыз 1:2 есебімен ұтылды. Дегенмен, қос ойынның қорытынды есебі (3:2) алматылықтардың пайдасына жазылды. Осылайша, "Қайрат" Еуропа лигасындағы "жорығын" одан әрі жалғастыратын болды. 

"Қайрат" үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның "Сигма" командасымен ойнайды. 

Еске сала кетейік, биыл Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ел намысын төрт клуб қорғауға мүмкіндік алды. Олар – "Астана", "Қайрат", "Тобыл" және "Ертіс". Өкінішке қарай, "Тобыл" мен "Ертіс" жарысты әлдеқашан тәмамдады. Ал "Астана" мен "Қайрат" еуродода бәсекелерін ары қарай жалғастыруда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу