"Қаражыра" 2,5 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін

1037

"Қаражыра" 2,5 миллион теңгеге жуық  айыппұл төлеуі мүмкін

Шығыс Қазақстандағы "Қаражыра" кәсіпорны 2 жарым миллион теңгеге жуық  айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды 24.kz.

Табиғи монополияларды реттеу комититетінің департаменті жүргізген тексеру барысында, мекеменің нарықтағы өнім бағасын арттырып, аукцион, конкурстар қорытындыларын бұрмалап келгенін анықтаған.

Көмірді өндіріп, сатумен айналысатын мекеме Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 169-бабының 5-бөлігіне сәйкес құқық бұзушылыққа жол беріпті. Қазір кәсіпорынға қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу