"Қарлығаштың құйрығы неге айыр" ескерткіш күміс монетасы айналымға шығады

1223

"Қарлығаштың құйрығы неге айыр" ескерткіш күміс монетасы айналымға шығады

"Қарлығаштың құйрығы неге айыр" ескерткіш күміс монетасы айналымға шығады, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2017 жылғы 29 желтоқсанда номиналы 500 теңгелік "proof" сапасымен Қазақстанның тұңғыш анимациялық фильмнің шығуына 50 жыл толуына арналған "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" ескерткіш күміс монетаны айналысқа шығарады.
Күміс монета кинокадр нысанында орындалған. 2017 жылы "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" атты қазақтың тұңғыш анимациялық фильміне 50 жыл толады (режиссер Ә.Хайдаров және Қазақстанның алғашқы суретші-мультипликаторлар тобы – Э. Бейсейітов, Г. Дусенко, Ф. Мұқанов, Б. Калистратов, Е. Сұлтанбеков). 1968 жылы ол Ленинградтағы III Бүкілодақтық кинофестивалінде жүлдеге ие болды, ал 1975 жылы Нью-Йорктегі Халықаралық мультфильмдер кинофестивалінде "Қола Праксиноскоп" жүлдесін алды. Мультфильм шет тілдеріне аударылып, оны әлемнің 48 елі тамашалады. Мультфильм кинематограф әлемінде жоғары баға алды, ал отандық анимациялық фильмнің шығуы Қазақстан мультипликациясының  туған күні атанды.
Монеталар 925 сынамды күмістен, массасы 24 грамм, тік төрт бұрышы 30х45 мм, дайындау таралымы – "proof", таралымы – 500 дана.
Номиналы 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.
Монеталарды "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қазақстан теңге сарайы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
"Proof" сапасымен жасалған ескерткіш монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар арнайы полиграфиялық ораумен шығарылады.
Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің барлық филиалдарында, сондай-ақ "Монеталардың Интернет-дүкені"www.nationalbank.kz ҚРҰБ сайтының интернет – дүкені арқылы сатып алуға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу