"Қашаған" кенішінің қайта іске қосылуы ел экономикасын оңалтты

863

"Қашаған" кенішінің қайта іске қосылуы ел экономикасын оңалтты

Былтыр "Қашаған" кенішінің қайта іске қосылуы мен өндірілген мұнай көлемінің артуы ел экономикасына оң ықпал етті. Яғни аталған өндіріс орнынан 79 миллион тонна қара алтын алынып, жалпы ішкі өнім 1%-ға ұлғайған, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұдан бөлек, "Нұрлы жол" бағдарламасы нәтижелі жүзеге асып, 10,6 миллион шаршы метр баспана пайдалануға берілген. Мамандардың сөзіне сенсек, көрші мемлекеттермен салыстырғанда еліміздің экономикалық өсімі тұрақты.

"Сонымен қатар ауыл шаруашылығындағы 5,5%-ға өсуін ерекше айтып өтуге болады. Және де біздің транспорт пен өңдеу саласындағы жетістіктеріміз бар. Транспортта 3,8 болса, өңдеуде 0,7 болып тұр. Сонымен қатар құрылыста 7,9 болып тұр", – деп атап өтті ҚР ҰЭМ Макроэкономикалық талдау және мониторинг басқармасының басшысы Бауыржан Тұлбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу