"Каспийдің" 2 ойыншысы "Арсеналмен" келісімшартқа отырды

662

Маңғыстау футболын дамыту үшін"Арсенал-Киев" ФК-мен спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

"Каспийдің" 2 ойыншысы "Арсеналмен" келісімшартқа отырды

Маңғыстау облысының әкімдігі мен Украинаның "Арсенал-Киев" ФК арасында Маңғыстау футболын дамыту үшін спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Меморандум өңірдегі футболды дамыту, "Каспий" футбол клубы мен Украинаның "Арсенал - Киев" арасындағы әріптестікті күшейту мақсатында жасалды. Сонымен қатар, маңғыстаулық талантты жас футболшылардың шеберлігін шыңдау үшін шетелдік клубтарға жолдама беру және инфрақұрылымды дамыту көзделген.

Аталмыш меморандум шеңберінде "Каспий" футбол клубының 2 ойыншысы - Мырзабек Алтынбек (Маңғыстау политехникалық колледжінің студенті) пен Нұрғазиев Жанболат ("Келешек" колледжінің студенті) "Арсенал-Киев" ФК-мен келісімшарт негізінде іріктеуден өтіп, жолдама алып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу