"Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: "Бабаларға тағзым!" керуені жолға шықты

1260

"Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: "Бабаларға тағзым!" керуені жолға шықты

7 автокөлікпен шыққан 28 адамнан тұратын "Қаз дауысты Қазыбек би жолымен: "Бабаларға тағзым!" керуені Егіндібұлақ аулынан өз сапарын бастады, деп хабарлайды abctv.kz. 

13 күннің ішінде керуен еліміз бен Өзбекстанның 10 елдімекенін аралайды. Олар Қарқаралы, Бұқар жырау, Жаңаарқа және Ұлытау аудандары мен Жезқазған, Қызылорда, Түркістан, Ташкент, Навои, Шымкент, Тараз, Балқаш қалалары арқылы және Ақтоғай және Шет аудандарымен өтеді. 30 тамызда Қарағандыға жетіп, сапарын аяқтамақ. Жүріп өтетін жолдың жалпы ұзындығы 5 220 шақырымды құрайды.

Қарағанды облысының жастар саясаты басқармасының жетекшісі Мирас Құттыбайдың айтуынша, іс-шараның мақсаты жастарды ұлттық сал-дәстүрді сақтауға жетелеу, сонымен қатар Қаз дауысты Қазыбектің тұлғасын саяси қайраткер және шешен ретінде қазақтардың санасына сіңіру болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу