"ҚазАгроҚаржы" KASE-де 7,9 миллиард теңгеге облигация орналастырды

817

"ҚазАгроҚаржы" KASE-де 7,9 миллиард теңгеге облигация орналастырды

"ҚазАгроҚаржы" АҚ (КАФ) Қазақстандық қор биржасында жалпы сомасы 7,9 млрд теңгеге қамтамасыз етусіз (KAFIb7) купондық облигациялардың жаңа шығарылымын орналастырды, деп хабарлайды "ҚазАгроҚаржы" АҚ баспасөз қызметі.  

Өтеуге орташа өлшемделген кірістілік жылдық 12%, айналым мерзімі 5 жыл. "Фридом Финанс" АҚ эмитент облигацияларын орналастыру кезінде андеррайтер болып табылды.

Облигацияның номиналды құны - 1 000 теңге, тіркелген шығарылымның көлемі - 12 млрд теңге, купондарды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет.

Бастапқы сауда қорытындысы бойынша 13 өтінім берілді. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінде 46,1% брокерлік-дилерлік компанияларға, 27,9% институционалдық инвесторларға, 25,9% өзге заңды тұлғаларға келді. Бейрезиденттердің үлесіне сатып алу көлемінің 30,6% келді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу