"ҚазАгроның" Ақтөбе облысындағы АӨК-ті қолдау көлемі 10 миллиард теңгеден асты

665

"ҚазАгроның" Ақтөбе облысындағы АӨК-ті қолдау көлемі 10 миллиард теңгеден асты

"ҚазАгро" ұлттық холдингінің  2017 жылы Ақтөбе облысындағы АӨК-ті қолдау көлемі 10,8 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.
Жалпы холдинг 2017 жылы республика бойынша агросаланы қаржыландыруға 267 млрд теңге бағыттады. 
"ҚазАгро" холдингінің Ақтөбе облысы бойынша инвестициялық портфелінде 30 млрд теңге сомасына 25 инвестициялық жоба бар. Жобаларды іске қосу мерзімінде 973 жұмыс орны құрылды. Бүгінгі күні 25,5 млрд теңге сомасына 22 жоба іске асырылып, 854 жұмыс орны құрылды.
2017 жылы "ҚазАгро" ұлттық холдингі тарапынан облыс бойынша 25,7 мың га аудан жеріне көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге 336 млн теңге сомасына 11 АШТӨ қаржыландырылды. 
Жалпы республика бойынша холдинг бюджет несиесі қаржысына көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 60 млрд теңге сомасына 1816 шаруашылық субъектілері мен агроқұрылымдары қаржыландырылды. Бұл аграршыларға 3003 мың га аудан жеріне егін егуге мүмкіндік берді. 
2017 жылы Ақтөбе облысында "ҚазАгро" тарапынан 1 147 млн теңге сомасына 10 несиелік серіктес қаржыландырылды. 
Сонымен қатар облыстық АШТӨ-мен 1 458 млн теңге сомасына 113 бірлік ауыл шаруашылық арнайы техникасы мен құралдарын алуға келісімшарттар жасалды. 
"ҚазАгро" еншілес компаниялары арқылы  2017 жылы аймақтық ауыл шаруашылық қалыптасуларына 4 029 млн теңге сомасына 1 085 микронесиелер берілді. 
2017-2021 жылдарға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру шеңберінде Ақтөбе облысы бойынша 2,3 млрд теңге сомасына 487 микронесие берілген. 
Ауылдық елдімекендерде және шағын қалаларда микронесиелерді кепілдендіру шеңберінде облыс бойынша 69 млн теңге сомасына 10 кепілдік берілді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу