"Қазақ анимациясына 50 жыл" тақырыбында пошталық марка шықты

972

"Қазақ анимациясына 50 жыл" тақырыбында пошталық марка шықты

"Қазпошта" АҚ "Естелік және мерейтойлық даталар" сериясы бойынша "Қазақ анимациясына 50 жыл" тақырыбында пошталық марка шығарды. Пошта айналымына енгiзiлiп отырған бұл маркада қазақ мультипликациясының атасы атанған режиссер-аниматор Әмен Қайдров түсірген "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" мультфильмінің кадрлары бейнеленген, деп хабарлайды kazakhfilmstudios.kz. 

"50 жыл бұрын ВГИК түлегі (Бүкілодақтық Мемлекеттік кинематография институты), жас суретші Әмен Қайдаров көрермен назарына өзінің дипломдық жұмысы – "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" мультфильмін ұсынды. Сол кездері ол қазақ кино өнерінің жаңа бір саласы – қазақ анимациясының негізін қалағанын білмеген де шығар. Алайда, сол кезден бері бұл жанр көптеген белестерді бағындырып, қиындықтарды да бастан кешті. Сондықтан да, қазақ кинематографиясының өркендеуіне үлкен үлес қосқан хас шеберлердің құрметіне осындай іс-шаралар көптеп өткізілуге тиіс",- деді "Қазақфильм" АҚ президенті Бақыт Қайырбеков. 

Бір парағында 6 маркасы бар естелік пошта марка төрт бояулы офсетті баспада жасалған, перфорациясы жоталы. Жалпы марканың өлшемі 140х80 мм, номиналы – 100 теңге. Маркалардың таралымы – 6000 дана. Аталған марканы поштаның барлық бөлімдерінен, сонымен қатар "Қазпошта" АҚ сайтынан сатып алуға болады. 

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі номиналы 500 теңгелік "Қарлығаштың құйрығы неге айыр" ескерткіш күміс монетасын айналысқа шығарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу