"Қазақстан темір жолы" мен "ҚазМұнайГаз" басшылары ауысты

1019

"Қазақстан темір жолы" мен "ҚазМұнайГаз" басшылары ауысты

Бүгін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқармасының жаңа төрағасы Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлын таныстырды, деп хабарлайды Самұрық-Қазына" қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.

 Ахметжан Есімов Сауат Мыңбаевтың бұған дейінгі қызмет орнындағы жақсы нәтижелерін ерекше атап өтті.

Бұған дейін Сауат Мыңбаев қаржы құрылымдарында әртүрлі лауазымда еңбек етті. Әр жылдары жылдары ҚР қаржы министрінің орынбасары, қаржы министрі, ауыл шаруашылығы министрі, премьер-министрінің орынбасары, индустрия және сауда министрі, энергетика және минералды ресурстар министрі, мұнай және газ министрі болды. 2013 жылдан бері "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқармасы төрағасы қызметін атқарды.

Сондай-ақ,  Ахметжан Есімов "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жаңа басқарма төрағасы ретінде Айдарбаев Алик Серікұлын таныстырды. Бұған дейін ол "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Алик Айдарбаев  "Оңтүстікқазмұнайгаз" МАҚ, "Құмкөл-ЛУКОЙЛ" компаниясының (кейін атауы "Торғай Петролиум" ЖАҚ деп өзгертілді), "МаңғыстауМұнайГаз" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баcқарушылық лауазымдарды атқарды. 2011 жылдың желтоқсан айынан 2013 жылға дайін "ҚазМұнайГаз" БӨ" АҚ Бас директоры болды. 2013-2017 жж. Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурыз айынан 2018 жылдың қаңтар айына дейін - ҚР инвестиция және даму бірінші вице-министрі қызметін атқарды. 2018 жылдың 15 қаңтарынан "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу