"Қазақстанның үздік тауары" байқауының жеңімпаздары анықталды

855

"Қазақстанның үздік тауары" байқауының жеңімпаздары анықталды

Алматы облысында 50 кәсіпорын бақ сынасқан "Қазақстанның үздік тауары" байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды abctv.kz.

"Мен отандық тауар өндірушілерімізге алғыс білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда жаңа кәсіпорын ашылуда, жаңа өнім түрлері шығарылуда, жаңа жұмыс орындары пайда болуда. Осының барлығы тұрақтылықтың шарты. Ол аймақ экономикасының дамуына жаңа серпін беріп отыр", – деді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Айтса айтқандай, Жетісу өлкесінде кәсіпкерліктің жан-жақты дамытуға зор мүмкіндік бар. Қазірдің өзінде 700-ден астам кәсіпорын 30 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Олар өткен жылы 650 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, облыс экономикасының өркендеуіне айтарлықтай үлес қосыпты.

"Өңірімізде әлемдік бренд тауарларын өндіретін "Фуд мастер", "Данон Беркут", "Коко-Кола Ботлерс", "РДжи Брендс Қазақстан", Суфле Қазақстан" сияқты кәсіпорындардың қатары көбейіп келеді", – дейді өңір басшысы

Әлбетте, жетісулық кәсіпкерлер жергілікті сұранысты қамтамасыз етіп қалмастан, өнімін шетелге экспорттаудың тетігін де меңгеріп алды. "Қорғас", "Достық" қақпалары арқылы Қытай асырып, одан Шығыс Азия елдеріне жөнелтілетін тауардың дені жетісулық кәсіпорындардың еншісінде. Бұдан бірнеше жыл бұрын экспортқа шығару түс сияты сезілуші еді. Қазір бұл шарумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады.

Аталмыш байқау бұрынғы жылдары "Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар", "Халық тұтынатын үздік тауарлар", "Үздік азық-түлік тауарлары" сияқты үш номинация бойынша өткізілетін. Биылдан бастап жетісулықтар "Қызмет көрсеткен үздік кәсіпорын" аталымын енгізді. Бұл аталым бойынша  Талдықорған қаласындағы “Жемжучина Семиречья”  ЖШС бірінші орынды жеңіп алды.

Биылғы жүлдегер атанған кәсіпорындардың бәрі байқауға бірінші рет қатысқандар. Бұл өңірімізде жаңа технологиямен жабдықталып, сапалы өнім шығара бастаған өндірістің қатары көбейе түскенін көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу