"Қазатомөнеркәсіп" "Areva"-ның үлесін сатып алмайды

991

"Қазатомөнеркәсіп" "Areva"-ның үлесін сатып алмайды

"Қазатомөнеркәсіп" шетелдік активтерді сатып алуға мүдделі емес. Бл туралы компанияның өндіріс және ядролық отын циклы жөніндегі бас директоры Бауыржан Ыбыраев түсіндіріп өтті, деп хабарлайды 24 kz.

Еске сала кетейік, таяуда атом энергетикасына арналған өнім өндіретін "Areva" компаниясының үлесі "Қазатомөнеркәсіпке" сатылатыны жайлы ақпарат айтылды. Тіпті қос тарап кездесіп, келелі келісімдер жасасты деген мәлімет бар. Алайда, ұлттық компания өкілі "Қазатомөнеркәсіптің" "Areva" кәсіпорнымен 1996 жылдан бері жұмыс істейтінін және оның активтерін сатып алу жөнінде бастама көтерілмегенін алға тартты.

"Қазатомөнеркәсіп" Қазақстанның уран өндірісіндегі басты активі ретінде әлемдік нарықта болып жатқан ахуалға асқан қызығушылықпен қарайды. Алайда, шетелдегі қандай да бір активті сатып алуға мүдделі емеспіз. Себебі, отандық нарықта өз үлесіміз жеткілікті. Негізі, бұл сұрақ мезгілінен бұрын қойылып отыр, – деді "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ өндіріс және ЯОЦ жөніндегі бас директоры Бауыржан Ыбыраев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу