"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясында ақылы автомобиль жолдарын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар шеңберінде "Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы" филиалы базасында облыстық филиал өкілдерінің қатысуымен семинар өткізді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Семинар барысында "Астана-Шучье" учаскесінде көлік қозғалысын басқарудың интеллектуалдық элементтерімен ақы алу жүйесінің принциптері және ақылы автомобиль жолдары саласындағы бизнес-үрдістер мен заңнаманың ерекшеліктері талқыланып баяндалды.
Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың соңында Ұлттық оператор "Астана-Теміртау", "Алматы-Хоргос" және "Алматы-Қапшағай" учаскелерінде ақылық жүйені енгізуді жоспарлауда. Ақы алу бекеттері арқылы автокөлік құралдарының тоқтаусыз жүріп өту мүмкіндігін беретін гибридті ақы алу жүйесі қолданылатын болады. Жол ақысынан алынған алымдар аталған учаскелерді сапалы күтіп ұстауға және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталатын болады.
Бұдан бөлек, оператор 2018 жылы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолдарын 5,4 мың шақырымға көбейтуді жоспарлауда.