"Қазхром" Ақтөбеде құны 1,8 миллиард теңге болатын шығармашылық академиясын салып жатыр

745

"Қазхром" Ақтөбеде құны 1,8 миллиард теңге  болатын  шығармашылық академиясын салып жатыр

Ақтөбедегі "Қазхром" ТҰК" АҚ соңғы бес жылда  облысқа бөлінетін әлеуметтік инвестициялар көлемін 17 миллиард теңгеге жеткізген. Бұл туралы Еуразиялық топ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың кездесуінде айтылды.

Өңірдегі ең ірі салық төлеуші компанияда 12 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Компания бөлген қомақты қаржыға жолдар салынып, инженерлік желілер тартылып,  сондай-ақ әлеуметтік нысандар бой көтеріп жатыр.

Компания  қаржыландырылған ең ірі жоба — облыстық шығармашылық академиясының құрылысы. Оның құны — 1,8 миллиард теңге. Кездесу барысында  Александр Машкевич аталған жобаның аяқталуы үшін тағы да қосымша 580 миллион теңге бөлінетінін айтты. Академияның аумағы 13 шаршы метрден асады. Құрылыс былтырғы жылдың жаз айында басталған. 1000 орынға арналған шығармашылық орталықта 50-ден астам үйірме жұмыс істейтін болады.

Кездесу соңында облыс әкімі мен Еуразиялық топ директорлар кеңесінің төрағасы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ жиында Еуразиялық топтың  өңірді көгалдандыру, "Қазхром" автопаркінің сұйылтылған газға ауысуы, тұрғын үй құрылысы сияқты өзекті мәселелерді шешу бойынша міндеттерді өз мойнына алатыны және Хромтауда мемлекеттік-жеке серіктестік бойынша 320 орындық балабақша салуды жоспарлап отырғаны айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу