"ҚазМұнайГаз" ҚБТУ акцияларын сатылымға шығарды

766

 Лоттың бастапқы бағасы - 11,3 млрд теңге.

 "ҚазМұнайГаз" ҚБТУ акцияларын сатылымға шығарды

Қазақстан-Британ Техникалық университетінің акциялары сатылымға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Электронды сауда алаңына шығарылған лотта "ҚБТУ" АҚ акциялары шығарылды. Аталған акцияның иесі - "ҚазМұнайГаз" АҚ екені белгілі. Лоттың бастапқы бағасы - 11,3 млрд теңге. Сауда ағылшын тәсілімен өткізіледі.

 Айта кету керек, "ҚБТУ" АҚ үш ғимаратта - ҚазССР Үкімет үйінде, Бетуров атындағы Химиялық институт және Сокольский атындағы отын, катализ бен электролиз институты ғимараттарында орналасқан. Мәміле шартына сәйкес, сатып алушы бұл ғимараттарды білім-ғылым саласында пайдалануға міндеттеледі. Сонымен қатар, сатып алушыға 5 жыл ішінде нысанды сатып, кепілге қоюға, сенімді басқаруға беруге тыйым салынады. Сондай-ақ, студенттер 5 жыл бойы жатақханадан шықпауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу