"Көне жетігіннің сыры" атты 10 сериялы киножобаның тұсаукесері өтті

1117

"Көне жетігіннің сыры" атты 10 сериялы киножобаның тұсаукесері өтті

Бүгін "Shymkent plaza" ойын-сауық сауда орталығында ОҚО әкімдігінің тапсырысы негізінде "САҚ" киностудиясы түсірген "Көне жетігеннің сыры" атты 10 сериялы тарихи-танымдық кинохикаяның  тұсаукесері өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында көрсетілген басымдықтар бойынша "Қажымұқан", "Отырарды қорғау", "Киелі Қазығұрт" атты үш анимациялық фильм мен "Көне жетігеннің сыры" атты 10 сериялы телехикая түсірілді.
Фильмнің көрсетіліміне "Қазақфильм" киностудиясының және "Қазақстан аниматорлар" қауымдастығының өкілі, облыстағы зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері  және шығармашылық топ қатысты.
Облыстың туризм саласын дамытуға,  әсем табиғаты мен киелі жерлерін және достық пен татулықты насихаттайтын телесериалдың презентациясына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ұлттық құндылығымызды дәріптейтін туындыларды әрдайым қолдайтынын атап өтті.
Осы ретте, киноның режиссері Нуриддин Пәттеев  "САҚ" киностудиясы атынан және  бүкіл Қазақстан киногерлерінің атынан шын ризашылығын білдіріп, естелікке кинодағы оқиғаны өрбіткен - көне Жетігенді табыс етті.
Оңтүстік Қазақстан облысының имиджін көтеріп, тарихын жаңғыртып, туризмін дамытуға бағытталған "Көне жетігіннің сыры" атты 10 сериялы киножобасы республикалық арналардан көрсетілетін болады.
Фильмнің басты мақсаты өңірдегі  Түркістан, Арыстан баб, Отырар, Сауран, Сайрам секілді көне жерлер мен Ақсу-Жабағылы қорығы, Қазығұрт тауы, Өгем табиғи қорығы секілді табиғаты әсем жерлерді көрсетіп, рухымызды жаңғырту, тарихты ұғындыру арқылы елжандылыққа тәрбиелеу және өңірдің туризм саласын дамыту болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу