"KTZ Express" АҚ мамандары FIATA дипломдарын алды

781

"KTZ Express" АҚ мамандары FIATA дипломдарын алды

"KTZ Express" АҚ теміржол және контейнерлік тасымалы саласының 20-дан астам мамандары "Халықаралық жүк экспедиторы" бағдарламасы бойынша емтихандарын жақсы тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз мәліметі.

Экспедиторларды оқыту Қазақстан ұлттық экспедиторлар қауымдастығы логистика және басқару орталығында өткізілді. Бұл Орталық Азиядағы мамандарды FIATA стандарты бойынша әзірлейтін бірден-бір мекеме. 
"Көлік-логистикалық кешені экономиканың маңызды секторы болып саналады. Оның уақыт талабына орай мамандар даярлауы ілгері дамуына ықпал етеді", - дейді "KTZ Express" АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Б. Сәбитова.

Оның айтуынша, Компанияда персоналды оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Тек қана тиімді менеджерлер көлік саласының алдына қойылған тапсырмаларды дұрыс шеше алады.
"KTZ Express" АҚ Теміржол тасымалы департаментінің бас менеджері Ләззат Жұмашеваның айтуынша, Компанияның штат құрамында FIATA дипломдары бар мамандардың болуы халықаралық экспедиторлық тәжірибеде кеңінен қолданылып отырған FIATA құжаттары мен формаларын қолдану құқығын береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу