"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да "Никотинге витамин" акциясы өткізілді

972

"ҚТЖ" ҰК" АҚ-да "Никотинге витамин" акциясы өткізілді

"ҚТЖ" ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшелерінің еңбеккерлері Салауатты өмір салтын насихаттау корпоративтік бағдарламасы аясында "Никотинге витамин" акциясын өткізді, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
"Біздің акциямыз ешкімді де елеусіз қалдырған жоқ. Компанияның орталық офисінде өткізілген флешмобқа еңбеккерлер үлкен ұйымшылдықпен қатысты. "Никотинге витамин" акциясы бойынша темекі өнімдері жеміс-жидекпен алмастырылды", – дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Н. Жаппарқұл.
Оның айтуынша, "мұндай шаралар Компанияның барлық аймақтағы филиалдарында өткізіледі. Айта кетерлігі, қазіргі таңда Компанияның барлық бөлімшелері мен филиалдарында спорттық және сауықтыру шаралары тұрақты өткізіліп тұрады. Бұл арқылы теміржолшылардың еңбекке құлшынысы мен салауатты өмір салтына белсенділігі артады".
Салауатты өмір салтын насихаттаудағы спорттық және бұқаралық шаралар Ұлттық компанияның корпоративтік кадр және әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу