"Қыз Жібек" мюзиклі Оңтүстік Кореяда сахналанады

756

"Қыз  Жібек" мюзиклі Оңтүстік Кореяда сахналанады

Астана қаласының жастар театры Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өтетін Daegu international musical festival (dimf) атты ХІІ халықаралық мюзикл фестиваліне ресми шақырту алды.

Аталмыш фестиваль Азия мюзиклдерінің меккесі деген теңеуге ие болған. Бұл фестивальдің деңгейі мен дәрежесі Нью-Йорк мюзикл фестивалінен бір мысқал кем емес.

Жастар театры Франция, Ұлыбритания, Ресей, Чехия, Қытай, Тайвань сынды мемлекеттердің артистерімен қатар өнер көрсетеді.

Театр ұжымы 7-8 шілде күндері Оңтүстік Кореяда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Жақыпбайдың режиссерлігімен қойылған Ғ.Мүсіреповтің "Қыз  Жібек" мюзиклін сахналайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу