"Мерейлі отбасы-2018" жеңімпаздарына 1 миллион теңгеден берілді

1536

 "Мерейлі отбасы-2018"  жеңімпаздарына 1 миллион теңгеден берілді

ОҚО-да "Мерейлі отбасы-2018" ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Мерейлі отбасы атанған жеңімпаздарды Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияда облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр салтанатты түрде марапаттап, облыс әкімінің дипломы мен қаржылай сыйлығын табыс етті. 

Үш кезеңнен тұратын (аудандық, облыстық, республикалық) байқаудың облыстық кезеңіне 38 жанұя ұсынылып, оның ішінде 30 отбасы үздік деп танылды. Ал осылардың арасынан Қазығұрт ауданынан келген Мұхтар Момынов пен мақтааралдық Сапаралы Серікбаевтар жанұясы мерейлі отбасы атанып, 1 миллион теңгеден қаржылай сыйлыққа ие болды. Осылайша, екі отбасы қыркүйек айында Астанада өтетін республикалық байқауға жолдама алды.

Бұдан бөлек, "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының облыстық қорытынды кезеңіне қатысқан барлық 28 отбасыға облыс әкімінің алғыс хаты мен 200 000 теңгеден қаржылай сыйлық табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу