"Музейдегі түн" акциясында бие сүтінен дайындалған шоколадтар таныстырылады

889

 "Музейдегі түн" акциясында бие сүтінен дайындалған шоколадтар таныстырылады

Бүгін сағат 18:00 - 23:00 аралығында ҚР ұлттық музейінде халықаралық музей күніне орай "Музейдегі түн" акциясы өтеді. Бұл туралы ҚР ұлттық музейдің ресми сайтында хабарланды.

Шара барысында танымдық бағыттағы тақырыптық экскурсиялар, "Асық ату", "Арқан тартыс", "Қол күрес" сынды спорттық ойындар ұйымдастырылып, бие байлау науқаны басталарда жасалатын "Қымызмұрындық" рәсімінен көріністер көрсетіледі. Музей атриумында зергерлік бұйымдар мен кәдесыйлар сатылымға қойылатын жәрмеңке ұйымдастырылады. Фотосуретке түсуге арналған арнайы зал да жасақталады.

"Музейдегі түн" акциясы аясында Төрегелді Шарманов басқаратын Қазақ тағамтану акдемиясы әзірлеген бие сүтінен дайындалған шоколадтардың таныстырылымы өтеді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу