"Нұр Отанның" Астана филиалына жаңа төраға тағайындалды

977

Астана қалалық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында делегаттар бұл қызметке Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановты тағайындау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.

"Нұр Отанның" Астана филиалына жаңа төраға тағайындалды

"Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында филиалдың жаңа төрағасы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Делегаттар бұл қызметке Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановты тағайындау туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.

"Исекешев Әсет Өрентайұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы қызметінен босатылып, Астана қаласының әкімі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы қызметіне тағайындалсын", - делінген конференция қаулысында.

Сондай-ақ, жаңа әкім арнайы қаулымен "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалының Саяси кеңес құрамына қосылды.

"Бақыт Тұрлыханұлының мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Түрлі лауазымдарда қызмет етті. Енді міне, Мемлекет басшысының тапсырмасымен әкім болып тағайыдалды. Бұл үлкен сенімді білдіреді. Өзімнің және әріптестерімнің атынан Бақыт Сұлтановты астаналық филиалға - партияның ең үлгілі филиалына төрағалыққа келуімен құттықтаймын", - деді "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу