"Петропавл" халықаралық әуежайын жөндеу барысымен танысты

686

"Петропавл" халықаралық әуежайын жөндеу барысымен танысты

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев "Петропавл" халықаралық әуежайын жөндеу барысымен және оның транзиттік әлеуетін дамыту перспективаларымен танысты, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметі.   

Облыс әкімінің орынбасары А. Федяев әуежай терминалының ғимараты мен ұшу-қону жолағының жөндеуден өткенін, бұл әуе кемелерінің кез келген түрін қабылдауға мүмкіндік беретінін баяндады. Бұдан өзге, әуежай перронын кеңейту және кірме жолды жөндеу жоспарланған.  

Петропавл әуежайын жөндеу Ресей Федерациясының Қорған, Түмен және Омбы облыстарымен шекаралас Солтүстік Қазақстан облысының транзиттік әлеуетін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Әуежай басшылығы тұрақты жолаушылар әуе рейстерінің санын арттыру перспективаларын, транзиттік рейстер мен жүк әуе тасымалдарына қызмет көрсету мүмкіндігін қарастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу