"Сарыарқа" газ құбырын тарту ЕҚБД-ан қарыз алу есебінен жүргізіледі

1168

"Сарыарқа" газ құбырын тарту ЕҚБД-ан қарыз алу есебінен жүргізіледі

"Сарыарқа" магистралды газ құбырын салу жобасы Еуропалық қайта құру және даму банкінен (ЕҚБД) қарыз алу есебінен іске аспақ, деп мәлім етті энергетика министрі Қанат Бозымбаев. 
"ҚазТрансГаз" компаниясымен Астана, солтүстік және орталық аймақтарды газдандыру мақсатында "Сарыарқа" магистралды газ құбырын салу жобасы бойынша ТЭН әзірленді. Оң сараптама қорытындысы қолда бар. Тап қазіргі уақытта Еуропалық қайта құру және даму банкінен қарыз алу есебінен жобаны қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр", – деді энергетика министрі сейсенбі күнгі үкімет отырысында. 
"Осыған орай, "Сарыарқа" магистралды газ құбыры жобасын қаржыландыру жоспары мен шарттарын анықтау үшін ұлттық экономика және қаржы министрлігі, Астана әкімдігі, "Самұрық-Қазына", ҚМГ өкілдерінің қатысуымен ведомство аралық жұмыс тобы құрылуда", – деп қосты Қанат Бозымбаев. 
Бұдан бұрын энергетика министрі Астана, орталық және солтүстік аймақтарды газдандыруға мүмкіндік беретін "Сарыарқа" магистралды газ құбыры 4 кезеңде салынатын болады деген еді. 
"Газдандыру бойынша, оның ішінде Астананы газдандыруға қатысты жоспарлар баршылық. "Сарыарқа" магистралды газ құбырын салу жобасы бойынша ТЭН әзірленіп те қойылды. Оның сметалық құны 370 млрд теңгеге жуық (ҚҚС-мен). Бұл жергілікті желілер мен жергілікті газ сақтау имаратын салу шығынын есептемегендегі қаражат", – деді энергетика министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу