"Шахтерға" жаңа жаттықтырушы мен атқарушы директор тағайындалды

835

"Шахтерға" жаңа жаттықтырушы мен атқарушы директор тағайындалды

Қарағандылық "Шахтер" футбол клубының бас жаттықтырушысы қызметіне 46 жасар белорусьтік маман Владимир Журавель тағайындалды. Ал Әлібек Урузғалиев клубтың директоры болды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Дене шынықтыру және спорт басқармасының жетекшісі Наталья Сухорукова баспасөз мәслихаты барысында облыстық команданың жаңа тәлімгері мен атқарушы директорын таныстырып өтті. 
Владимир Журавель осыған дейін бресттік "Динамо" командасын басқарып, ол қызметінен 2017-ші жылдың желтоқсанында кеткен. Оның басқаруымен өткен маусымда команда Белорусь Кубогын жеңіп алып, соңғы 25 жылда үздік нәтиже көрсеткен. 
"Шахтер" жаңа жаттықтырушысымен бірге Түркияның Анталия қаласындағы осы жылдағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына аттанды. Жиын 9-шы қаңтарда басталып 29-шы қаңтарға дейін жалғасады. 
"Шахтер" ФК-ның жаңа директоры Әлібек Урузғалиев осыған дейін қаржылық аудит және бизнес саласында жұмыс істеген. Жоғарғы білімін Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында алған. 
"Биылғы жылы "Шахтер" өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтеді. Бұл оқиға бізге екі есе жауапкершілікті арттырады. Осы маусымда алға қойған мақсаттарды орындау үшін тәулігіне 24 сағат жұмыс істейтін боламыз", - деді баспасөз мәслихаты барысында клубтың жаңа менеджері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу