"Шығыс-2" алабынан көмірдің алғашқы миллион тоннасын өндірілді

932

"Шығыс-2" алабынан көмірдің алғашқы миллион тоннасын өндірілді

"Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ "Шығыс" кенішінің кеншілері  жаңа "Шығыс-2" алабынан көмірдің алғашқы миллион тоннасын өндірді. Айтулы оқиға Екібастұздың қала күніне орайластырылды, деп хабарлайды "ЕЭК" АҚ  корпоративтік байланыстар қызметі.

Естеріңізде болса 2018 жылдың 21 сәуірінде "Шығыс-2" карьер алабын аршу" жобасының бірінші кезеңін жүзеге асырылды. Нәтижесінде "Шығыс" кенішінде жаңа алабты өнеркәсіптік пайдалану басталды. Бүгін кеніштен қара алтынның мерейтойлық миллион тоннасы тиелуде. Жоба құны 9,3 млрд теңге. Осыған орай "Шығыс" кенішінің кеншілері салтанатты жиын өткізді.

Жаңа алапты аршу және өтеу жұмыстарын қолда бар жабдықпен жүргізуге мүмкіндік беретін технологиялар әзірленген. Көмірді тасымалдау үшін төрт жаңа конвейер салынып, бұрыннан бар тағы бір таспа ұзартылды. Олардың жалпы ұзындығы 1 610 метрге жетті.

"Былтыр Екібастұздың 60-жылдығы қарсаңында "ЕЭК" АҚ "Шығыс" кеншілері негізгі кеніштен көмірдің 550-миллионыншы тоннасын өндірген болатын. Бір жыл ішінде енді жаңа алаптан бізде тағы бір миллион тонна алынғаны қуантатын жайт! Мұндай жетістік – кәсіби кемелденудің, еңбекті сапалы ұйымдастырудың, өндіріс ұжымының ынтымағы мен еңбексүйгіштігінің дәлелі, - деді "ЕЭК" АҚ "Шығыс" кенішінің директоры Юрий Гончаров".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу