"Талдықорған - Текелі" магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

839

"Талдықорған - Текелі" магистралды газ құбырының құрылысы аяқталды

"Талдықорған - Текелі" магистралды газ құбырының құрылысы белгіленген мерзімінен ерте, сәтті аяталды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде қаланың ішкі көшелеріне және жақын жатқан елдімекендерге газ құбырын тарту жұмыстары жүріп жатыр.

Газ құбыры мен оған тиесілі инфрақұрылымдардың құрылысына "АқниетГрупп" ЖШС жауап береді. Жобаның құны 1,5 миллиард теңгеге жуықтайды.

Газ құбырының құрылысы барысында қалаға жақын орналасқан Шымыр, Байысов, Ешкіөлмес, Абай, Өрқусақ, Жетісу, Екпінді, Сырымбет ауылдарына да тартылды.

Құрылыс жұмыстары өткен жылдың қазан айында басталған болатын. Пайдалануға беру мерзімі биылғы жылдың қазан айына белгіленгенімен, жоспарланған мерзімнен үш ай бұрын аяқталып, толық іске қосуға дайын. Магистраль бойынша газ берудің жоспарлы қуаты сағатына 43,7 мың текше метр. Бұл Текелі қаласының тұрғын үйлері мен өндірістерін көгілдір отынмен қамтамасыз ету үшін толық жеткілікті болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу