"ТМД – болашаққа көзқарас" экономикалық форумы 17 наурызда Мәскеуде өтеді

827

"ТМД – болашаққа көзқарас" экономикалық форумы 17 наурызда Мәскеуде өтеді

17 наурызда Мәскеуде халықаралық экономикалық форум өтеді, деп хабарлайды ТМД атқарушы комитетінің сайты.

Оған ТМД мүше мемлекеттердің вице-премьерлері, министрлер,  ТМД экономикалық кеңесінің мүшелері, ЕАЭО,  ШЫҚ басшылары, экономикалық даму, қаржы, ауыл шаруашылығы және азық-түлік, өнеркәсіп және сауда, көлік, білім беру министрліктерінің жетекші қызметкерлері,   билік органдары, сауда-өнеркәсіп палаталары, салалық бірлестіктер мен банк қауымдастықтары өкілдері қатысады. Сондай-ақ форумға ТМД-ға қатысушы елдердің кәсіпкерлері келеді. Форум Тәуелсіз мемлекеттері достастығының  Экономикалық кеңесінің кезекті отырысымен қатар өтеді.

Форум аясында жобалар көрмесі, цифрлық экономика, еркін кәсіпкерлік, еркін сауда аймағы туралы шартты іске асыру шеңберінде салалық ынтымақтастықтың рөлі, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи ІТ-шешімдерді пайдалану, ТМД кеңістігінде қаржы-банктік өзара іс-қимыл перспективаларына арналған тақырыптық секциялар ұйымдастырылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу