"Ұлы дала елі" брендін иеленген кәсіпорындар белгілі болды

2052

"Ұлы дала елі" брендін иеленген кәсіпорындар белгілі болды

Елордада алғаш рет "Ұлы дала елі" негізгі брендін пайдалану құқығына ие болған кәсіпорындар анықталды. Бүгін Индустрияландыру күні аясында аталған кәсіпорындар, яғни арнайы байқау жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды Baq.kz.

Брендті пайдалану құқығына "Кентау трансформатор зауыты" АҚ, "Қайнар-АКБ" ЖШС, "Рахат" АҚ ие болды. Бүгінгі шарада кәсіпорын басшылары марапатталды.

"Ұлы дала елі" негізгі бренді отандық үздік компанияларға еліміздің үздік экспорттаушы ретінде ірі, орта және шағын бизнес өкілдеріне жыл сайын табысталмақ. Осылайша, "Ұлы дала елі" бірыңғай брендімен ең үздік қазақстандық өнімдер мен қызметтер біріктіріледі, ал эмблема еліміздің "бет-бейнесіне" айналып, Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджі мен танымалдылығын арттырады және "Ұлы дала елінің" өнімдерінің жоғары сапасын паш етпек.
Сонымен қатар, бүгін Индустрияландыру күні шеңберінде "Атамекен"  Кәсіпкерлер ұлттық палатасы үздік кәсіпорындарға "Іскер" арнайы сыйлығын табыстады.
Биыл бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша "Парыз" байқауына қатысуға еліміздегі 501 кәсіпорынның басшылары өтінім берген. Байқауға қатысушылардың жалпы санынан ең көп өтінім (263 кәсіпорын) "Ең үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын" аталымы бойынша берілді, онда өз жұмыскерлерін қолдауға, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуіне және жалпы қоғамның әл-ауқатының жақсаруына бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыратын үміткерлердің жұмысы бағаланды. 
Еске салайық, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша "Парыз" байқауы Мемлекет басшысының Жарлығымен 2008 жылы тағайындалған. Жалпы 8 жыл ішінде оған шағын, орта және ірі бизнестегі 3 мыңнан астам кәсіпорын қатысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу