"Үзілмеген үміт" көркем фильмі бас жүлде алды

900

"Үзілмеген үміт" көркем фильмі  бас жүлде алды

ҚР мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша "Tanaris Production" кинокомпаниясы түсірген "Үзілмеген үміт" көркем фильмі Ресейде өткен халықаралық "Свет миру" кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды "Қазақфильмнің" баспасөз қызметі. 

"Үзілмеген үміт" фильмінің режиссерлері – Серік Әбішев және Руслан Магомадов.

"Біздің фильмімізге жоғары баға берген "Свет Миру" фестиваліне және оның қазылар алқасына алғысым шексіз. Фильмнің тең режиссері Руслан Магомадовпен, сондай-ақ картинаның түсіру тобымен бірлесіп мейірімге толы,  адамдардың жүректеріне жылу ұялатып, көңілдерін нұрландыратын фильм түсіруге тырыстық", - деді режиссер Серік Әбішев.

Фильмдегі басты рөлдерді Алматы және Алматы облысы балалар үйінің тәрбиеленушілері, сонымен қатар Оңтүстік Кореяның балалары сомдады. Картинаның негізгі түсіру жұмыстары ШҚО-да өткен. Фильмнің музыкасын еліміздің танымал композиторы Қуат Шілдебаев жазыпты. Ал, фильмге музыка жазу барысында Батырхан Шүкеновтің саксофонмен орындаған импровизациясы негіз болған.

Естеріңізге сала кетсек, аталған фильм ең алғаш Германияда өткен 64-ші Мангейм-Хайдельберг халықаралық кинофестивалінің негізгі байқауында көрсетілген болатын. 2016 жылы фильмде басты рөлді сомдаған жас актер Амагелді Құсайынов Халықаралық "КиноМалыШок" кинофестивалінде "Үздік бала рөлі" жүлдесімен марапатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу