"Вильярреал" Астанаға тыңшы жіберген

723

"Вильярреал" Астанаға тыңшы жіберген

Испаниялық "Вильярреал" клубының бапкерлері мен футболшылары елордамызға Еуропа лигасы аясында "Астана" клубына қарсы өтетін кездесуге қатысу үшін жолға шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірақ командадан бұрын елордамызға қарсыластарымыздың "тыңшысы" келген. 
"Біз әлі Қазақстанға келген жоқпыз. Бірақ тыңшымызды жіберіп қойдық. Ол көгалды тексеріп жатыр", - деп жазылды "Вильярреал" клубының Твиттер парақшасында. 
Айта кетейік, "Астана" мен "Вильярреал" арасындағы кездесу 23 қараша күні өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады. 
Қазіргі уақытта "Вильярреал" клубы сегіз ұпаймен А тобында көш басында келе жатса, "Астана" жеті ұпаймен екінші орында тұр. Ал "Славияның" еншісінде бес, "Маккабидің" қоржынында бір ұпай бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу