"Жас Алаш" газетінің бас редакторы ауысты

2994

"Жас Алаш" газетінің бас редакторы ауысты

"Жас Алаш" республикалық газетінің бас редакторы ауысты. Бірнеше жылдан бері редакторлық еткен  Рысбек Сәрсенбайдың орнына ұлы Нұрлан Сәрсенбаев келді" – деп хабарлайды Ratel.kz.

"Мұндай шешім қабылданғаны рас. Газеттің 75 пайыз акциясы Салтанат Атушеваға (Алтынбек Сәрсенбаевтың әйелі) тиесілі. Ал, қалған 25 пайызы әзірге менде қалып отыр. Осыған байланысты Салтанат Атушева қандай шешім шығарса да өзі біледі" – деді Рысбек Сәрсенбай телефон арқылы сайт тілшілеріне.

Оның сөзінше, газеттегі бірнеше журналистер жаңа редактормен жұмыс жасауға қарсы болған. Сондай-ақ, экс-редактор ендігі редакция саясатының қандай болатынын беймәлім күйінде қалып отырғандығын мәлімдеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу