"Жасыл ел" отрядының еңбек маусымы басталды

945

"Жасыл ел" отрядының еңбек маусымы басталды

Бүгін Астана қаласының студенттік құрылыс және "Жасыл ел" еңбек жасақтарының XIV еңбек маусымының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы еңбек маусымында 975 жұмыссыз жасты жұмыспен қамту көзделіп отыр.

"Қазір жастарды жазғы маусымға жұмысқа алуға 14 мекеме келісім беріп отыр. Олардың қатарында "Астана орманы" ЖШС, "Астана көгалдандыру құрылысы" АҚ, "Bazis Construction" ЖШС, "Bi Croup-Cjntruction RK", "Жұмыс" ЖШС, "Астана техникалық құрылыс колледжі", "SOS Астана балалар ауылы" және тағы басқалары бар", – деді қоғамдық даму істері басқармасының жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Жұмысқа орналасқан жастарға жұмыс беруші ұсынған жалақыдан бөлек 2 базалық лауазымдық жалақы мөлшерінде сыйақы төленетін болады.

"Студенттік еңбек жасақтарына қатысушы Астана жастары, қаламыздың көркеюіне осылайша өз үлестерін қоса алады", – деді Бақытжан Жүнісбеков.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу