"Жаужүрек полкі Астана - әлемдік марш" шеруі ұйымдастырылады

667

"Жаужүрек полкі Астана - әлемдік марш" шеруі ұйымдастырылады

9 мамырда Астана қаласы ішкі саясат басқармасының қолдауымен Жеңіс күніне орай  екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері ұрпақтарының қатысуымен "Жаужүрек полкі Астана - әлемдік марш" шеруі ұйымдастырылады. Шараның басты мақсаты - 1941-1945 жж. соғысқа қатысқан азаматтардың ерлігін естен шығармау және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бейбіт күннің қадірін түсінуге тәрбиелеу, деп хабарлайды astana.kz.

"Жаужүрек полкі" жалпыхалықтық азаматтық бастамасы 2012 жылы пайда болды. Қозғалыстың негізгі мақсаты - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің ерлігін естен шығармау. Ал Астана қаласындағы "Жаужүрек полкі" Кеңесі 2014 жылы құрылды, оның құрамына еріктілер, ардагерлерге құрмет көрсете білген еліміздің белсенді азаматтары кіреді. 2015 жылы Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге 1500 адам, ал 2016 жылы 7000-нан астам адам қатысқан болатын, олар ардагерлердің портреттерін қолдарына ұстап, қала көшелерімен жүріп өтті. Бүгінде "Жаужүрек полкі" - бұл әлемнің 60 мемлекетін біріктіретін халықаралық шеру. "Жаужүрек полкі Астана - әлемдік марш" шеруіне қатысушыларды жинау 2017 жылы 9 мамыр күні сағат 12.30 басталады. Шеру "Қазақ елі" монументінен басталып, "Отан қорғаушылар" мемориалында (Тәуелсіздік даңғылының бойында) аяқталады. Биыл шеру 2,5 шақырымға ұзартылды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу