Жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 10 алтынның 8-ін қанжығаға байлады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстанда алғаш рет Атырауда өткен жекпе-жектен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар өздерінің аралас жауынгерлік өнердің үздіктері екенін дәлелдеді.
Чемпионатта алыс-жақын шетелдерден жəне еліміздің әр өңірінен жиналған спортшылар бəсекеге түсті. Қазақстан намысын 20 жекпе-жек жауынгері қорғады.  Атырау облысынан ринг төрінде үш споршы бақ сынады. Жарыс 10 салмақ дәрежесі бойынша өтті. 
Чемпионат қорытындысы бойынша 10 алтынның 8-і ұлттық құрамаға бұйырды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу