"Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі Ресей кинофестивалінде көрсетіледі

1139

"Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі Ресей кинофестивалінде көрсетіледі

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген "Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі Францияның Онфлёр қаласында қарашаның 22-і мен 27-і аралығында өтетін XXIV Ресейлік кино фестивалінде (Festival du Cinema Russe) "Ерекше құбылыс" бағдарламасы аясында көрсетіледі. Фильмнің режиссері Сергей Снежкин. Бұл туралы khabar.kz хабарлайды.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш фильмнің тұсаукесері 2016 жылы сәуірде Астана қаласында өтті. Картина Мәскеу қаласындағы "Кино үйінде" және Ресей Федерациясының мәдениет министрлігінде, сонымен қатар Халықаралық Жібек жолы кинофестивалінде арнайы көрсетілген болатын. Ресей киносының фестивалі – әлемнің түкпір-түкпірінен танымал киногерлердің қатысуымен өтетін ең ауқымды фестивальдердің бірі.

фестиваль аясында Ресей, Қазақстан, Франция және АҚШ елдерінен іріктелген барлығы 26 фильм көрсетіледі. Қазылар алқасының төрағасы – жазушы және продюсер Фредерик Бегбедер. Сондай-ақ фестивальдің үздіктерін продюсер Мэй Шен Шале, актриса Сирьель Клэр, актриса Криста Тере, актриса Виктори Оллокуи және киносыншы Филипп Руйе анықтайтын болады. "Жұлдыздар тоғысқанда" көркем фильмі 26 қарашада сағат 14:00-де "Henri-Jeanson" кинотеатрында француз тіліндегі субтитрлерімен көрсетіледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу