​Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ парламенттік ассамблея басшылығымен кездесті

1362

​Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ парламенттік ассамблея басшылығымен кездесті

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы парламенттік ассамблеясының (ЕҚЫҰ ПА) төрағасы Георгий Церетели мен ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Роман Хайдермен кездесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Беделді парламенттік бірлестік басшылығы Орталық Азия аймағына жасаған турне аясында Астанаға екі күндік ресми сапармен келді.

ҚР сыртқы істер министрлігінде өткен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын, халықаралық күн тәртіпі және парламентаралық диалогты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Георгий Церетели Қазақстан мен ЕҚЫҰ парламенттік Ассамблеясының өзара әрекеттестігінің жоғары қарқынын атап өтті.

Тараптар халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және заманауи қауіп-қатерлерге, оның ішінде халықаралық лаңкестік, діни экстремизм, заңсыз көші-қон, есірткінің заңсыз айналымы, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс және басқа да қатерлерге қарсы күресте халық қалаулыларын тарту қажеттігі туралы келісті.

Кездесу соңында тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша сындарлы диалогты жалғастыру сондай-ақ тығыз жұмыс байланыстарын, Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезінде бастау алған дәстүрлерді сақтау және ұйымның 21-ғасырдағы жалғыз саммитін алдағы уақытта жалғастыру туралы уағдаласты.

ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясы делегациясының Қазақстанға сапары аясында Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулинмен кездесулер өткізілді. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановпен, бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің басшылығымен кездесулер жоспарланған.

Парламенттік делегация Қазақстандағы сапары аяқталғаннан кейін Өзбекстанға барады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу