Қазақстан және Италия кәсіпкерлері арасында кездесу өтті

1179

 Қазақстан және Италия кәсіпкерлері арасында кездесу өтті

EХРО-2017 халықаралық көрмесінің ЕХРО BtoBe платформасында Қазақстан және Италия кәсіпкерлері арасында кездесу өтті. Іскерлік шараға 60-тан аса компания қатысты, деп хабарлайды 24.kz.

Ломбардия өңірінен келген италиялық компаниялар мұнай-газ ісі, механика, тұрмыстық техника, косметология және фармация, тоқыма, интерьер дизайны және тағы басқа салалар бойынша өз жобаларын таныстырды. Бұл кездесуге Қазақстан атынан құрылыс, мұнай-газ ісі, атом, теміржол, фармацевтика, сондай-ақ денсаулық сақтау, авиация, мейрамхана және жиһаз кәсібі саласындағы ірі, орта және шағын компаниялар келді.

В2В келіссөзі барысында екі елдің кәсіпкерлері серіктестік мәселелерін талқылап, Қазақстанның инвестициялық жобаларымен танысты. Ломбардия аймағының министрі Антонио Росси атап өткендей, Қазақстан және Италия кәсіпкерлері арасындағы жақсы қарым-қатынас пен бірлесіп жұмыс істеуге деген ізгі ниеттері екі елдің сауда-экономикалық байланысының дамуына өз үлесін қосады.

"B2B форматындағы кездесулер компаниялар үшін тек серіктес пен инвесторлар табуға ғана емес, сондай-ақ өз кәсібін әлемдік үрдістерге сай дамытуға дайын кәісіпкерлерді табуға септігін тигізеді", – деді А.Росси өз сөзінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу